Демалыс күндері Өскеменде бірден үш өрт шықты
Қарапайым өрт қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан 38 адамның өміріне қауіп төнді
Сенбі, 26 мамыр күні 19.20 шамасында Абай даңғылында келе жатқан Audi 80 маркалы көлігінен өрт шыққан. Қауіптілігі жоғары агрегатты ұқыпсыз пайдаланудың саладрынан қозғалтқыш бөлігінде өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер отты ауыздықтаған.
Ал жексенбі күні таңертең тағы бір өрт оқиғасы тіркелді. Бұл жолы Өтепов даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан. Оған ұзақ уақытқа қосылып қалған теледидар себеп болуы мүмкін. Жатын бөлмеден шыққан жалын бүкіл үйге жайылған. Дер кезінде жеткен №3 ӨБ мамандары жеткенде үйдің ішінде жиһаз, тұрмыстық техника мен үй иелерінің жеке заттары жанып жатқан. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында қауіпсіздік мақсатында үйден 38 адам далаға шығарылды. Олардың арасында 15-і балалар.
Үшінші жағдай сол күні түскі уақытта орын алған. Абай даңғылындағы автобазарда тоқыма материал жанып кеткен. Өрт сөндірушілердің пайымдауынша, отқа салғырт қарау немесе өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау өртке себеп болуы мүмкін.
Следующая →