Мас тұрғын таксиске ақы төлеудің орнына сабап, көлігін сындырған
Семей тұрғыны енді такси жүргізушісіне өтемақы төлеп, жазасын өтейтін болады
Таксометр көрсеткен бағасы мас азаматқа ұнамады ма әлде бұл күні оның көңіл-күйі болмады, белгісіз. Алайда мәселені жұдырықпен шешпек болған.
Үйіне жетіп алған жолаушы жол ақысын төлеуден бас тартып, жүргізушінің өзін қылқындыра бастаған. Такси жүргізушісін сабап алған соң, көліктің терезесіне тас жіберіп, оны шағып тастаған.
Ал таксис болса, мәселені заңмен шешпек болып, сотқа арызданған. Семей қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұзақы тұрғынды бір тәулікке қамау туралы шешім шығарылған.
Сонымен қатар, такси жүргізушісіне 100 мың теңге өтемақы төлейтін болады.