ШҚО тұрғыны автобуста сырт киімін жыртып алғаны үшін автопарктен өтемақы алды
Семей қаласының тұрғыны қоғамдық көлік жүргізушісі мен кондукторына шағымданып, сотқа арызданған
Тұрғын автобустың орындығында отырып күрткісін жыртып алған. Кейін кондукторға барып, жыртылған күрткісін төлеп бер деп талап еткен. Ал кондуктор мәселені бейбіт шешудің орнына дауласа жөнелген. Тіпті, автобустан түсіріп тастаған.
Іс сотқа кеткенін білген автопарк қызметкерлері тұрғынмен болған дауды бейбіт шешуге келіскен. Семей қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, жолаушы жыртылған күрткісі үшін 20 мың теңге өтемақы алған.