Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Күйеуін өлтірген азаматша бір жылға бас бостандығынан айырылды

36 жастағы әйел қайта қосылған күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып алған

ШҚО ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер бойынша соты жарты ай ішінде туған анасын тонап, күйеуін пышақтап тастаған Жаңа Согра тұрғынына қатысты сот шешімін шығарды.

Бірінші қылмыстық іс қаңтарда орын алса, екіншісі наурызда болған. Екі іс те бір қылмыстық іске біріктірілді.
 
Сот материалдарынан белгілі болғандай, Менделеев көшесіндегі пәтерде анасымен бірге тұрған әйел анасына қоқан-лоқы көрсетіп, алтын сырғасын тартып алған. Бірақ артынша қызының үстінен арыз жазған.

Ал әйелдің екінші қылмыстық ісі – азаматтық некедегі күйеуін өлтірген. Анасымен ренжісіп қалған әйел өзінің бұрынғы көңілдесіне қайта қосылуды ұсынған. Азамат келіскен. Қайта қосылуларын атап өтіп отырған сәтте ері мен әйелі жанжалдасып қалады. Үй иесі әйеліне тап береді, ал әйел қорғанбақ болып үстел үстіндегі пышақты алып, күйеуінің кеудесіне сұғып алған. Пышақ ер адамның жүрегіне тиіп, ол мерт болады.

Сот күдіктінің жауабын есепке алып, бір жылға бас бостандығынан айырды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Следующая →