Сәтбаев даңғылындағы жолды қайта жөндеу маусым айында басталады
Мамандар облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жобаға өзгерістер енгізілуін күтіп отыр
ЖМК ауданының тұрғындары "мердігерлер Сатпаев даңғылын қайта жаңартумен қашан айналысады" деп күтуде. Жұмыс өткен жылы басталды және көктем келісімен жалғасуы тиіс еді. Мамырдың аяғы болды, алайда жол бойында, тіпті, жұмысшылар да жоқ. Белгілі болғандай, мамандар жобаның өзгерісін күтіп отыр екен. Жоба дайын болысымен жұмысты бірден бастамақ.
Өткен күзде ШҚО әкімі Даниал Ахметов көктемде кең ауқымды жұмыстары жоспарланған барлық нысандарды тексерген болатын. Тексеруден кейін аймақ басшысы бірнеше жобаны, соның ішінде Сәтпаев даңғылын қайта жаңартуды тапсырды.
Следующая →

- Бізде жаңа жолды алты жолаққа бөлген жоба болған. Кейін кейбір жерлерде ол сегізге дейін кеңейтілді, - деп түсіндірді Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде. - Жоба қайта қарауға жіберілді, енді алты жолақтың орнына сегіз жолақты жолды, сондай-ақ, қиылыстарда 10 жолаққа дейінгі жоба қабылданады.