Облыста қант қымбаттап жатыр
Өскемен қалалық әкімдігі сауда орындары мен көтерме сауда қоймаларындағы қант қорын тексеріп шықты
Шығыс Қазақстанда қант қымбаттауда. Кей жерлерде қанттың келісі 290 теңгеге дейін көтерілген. Ал кей сауда орындарында мүлдем қант жоқ көрінеді.
Алайда жергілікті әкімдік қоймаларда қанттың жеткілікті екендігін айтады. Оның үстіне, жақын арада тағы да қант тауары келуі керек.
- "Өскемен қант" ЖШС қанттың келісін 200 теңгеден сатуда, ал "Антоненко" ЖК мен "Шығыс Қант" ЖШС оны 225 теңгеден сатып жатыр. Кәсіпорындар қант әкелу туралы өтініш жіберген. Қазір қанттың жаңа партиясын күтіп отыр, - дейді Өскемен қалалық ішкі саясаты.
Билік өкілдері "Нұр Отан" партиясымен бірігіп, сауда орындарына тексеріс жүргізілгенін айтады. Мұнда қант 225-240 теңге аралығында сатылып жатқан көрінеді.
Дегенмен көтерме сауда орталықтарында қант арзан сатылып жатқанымен, алыпсатар саудагерлер бәрібір де оны қымбаттатып жіберері сөзсіз. Ал мұның алдын алу үшін монополияға қарсы мекеме қызметкерлері тексеріс жасайды.