Тұрақтандыру қорының көкөністері қымбаттауы мүмкін
Биылдан бастап тұрақтандыру қорының дүңгіршектерінде қызылша сатылмайды
Алайда тұрақтандыру қорында сатылатын көкөністердің бағасы 10 теңгеге қымбаттады. Егер былтыр 7500 тонна көкөністі сатып алуға 375 млн теңге қаржы жұмсалса, биыл ол 450 млн теңгеге жеткен.
- Көкөністер жергілікті шаруалардан сатып алынады. Жалпы соманың 70 пайызы төленіп қойылған. Қалған сома көкөністер толық жеткізілген соң беріледі, - дейді "Ертіс" ӘКК ҰК АҚ басқарма төрағасы Антон Крамаренко.
Биыл көкөністерді сатып алуға көбірек қаржы жұмсалғандықтан, тұрғындарға сатылатын көкөністің де бағасы қымбаттай ма, ол жағы белгісіз. Бұл мәселе тек күзде ғана қаралатын болады.