Семейдегі орманды әлдебіреулер қасақана өртеуі мүмкін
"Семей Орманы" қызметкерлері қарағай орманындағы өртті өшірумен әуре-сарсаң
Кешеден басталған орман өртін өшіруге 350 адам жұмылдырылған. Қазір олардың жартысы қайтарылды. "Семей Орманы" ұйымының 120 адамы мен 34 техникасы өртті сөндіріп жатыр.
- Өрттің шығуының екі себебі бар. Әлдебіреу қасақана орманға өрт қоюы мүмкін, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.
Ал "Семей орманы" мекемесінің бас директоры Мұрат Дәулетовтың айтуынша, мұндай ірі өрттің пайда болуына отты қасақана қойып кеткендердің кесірінен ғана шығуы мүмкін.