"Май" АҚ бір айдан астам уақытқа өз өндірісін тоқтатты
Өскемен қаласының тұрғындары "Май" зауытынан шығатын жағымсыз иіске наразылық білдірген болатын. Енді зауыт жаңа жабдықтарды орнатуға байланысты өз жұмысын уақытша тоқтатты
Екі күн бұрын Кемежай ауданында орналасқан Өскемен май зауыты өз өндірісін толықтай тоқтатты. Жақын арада "Май" АҚ-да Бельгиядан сатып алынған қымбат жабдықтарды орнатпақ.
Следующая →
- Біз қазірдің өзінде жабдықтарды орнатуға дайындық үстіндеміз, жөндеуді кейінірек бастаймыз, - дейді май зауытының директоры Ахмет Алаудинов. - Бір айдың ішінде жұмысымызды қалпына келтіруді қатты қалағанымызбен, жөндеу жұмыстары көп уақытты қажет етіп тұр.