Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде муниципалды автопарк пайда бола ма?

Биыл ШҚО әкімдігі 200 жаңа автобус сатып алмақ. Әзірге оларды қалай пайдалану мәселесі шешіліп жатыр

Облыс басшысы атап өткен басты мәселе – Өскемендегі қоғамдық көлік билетінің құны жоғары, бірақ жолаушлард тасымалдайын техника паркі әлі де жаңартылмаған.

- Өскемендегі автобус билеттерінің құны елдегі ең қымбаты, - деді Даниал Ахметов. - Ел бойынша баға тек Алматы мен Астанада жоғары. Бірақ кейбір автобус парктерінің иелері бағаны әлі де көтергісі келеді. Әйтсе  де, олардың пайдаланып жүрген автобустары өте ескі әрі ешқайсы да бекітілген тасымал кестесіне сай жұмыс істемейді. Сондықтан тарифті көтеруге моральді тұрғыда құқықтары жоқ.

Бұл мәселені билік шешпек. Биыл Еуропалық қайта құру және даму банкінің есебінен Семей және Өскемен қалаларына 200 жаңа автобус сатып алу жоспарда бар.

- Олардың билет бағасы қолайлы болады. Біз муниципалды парк ашамыз немесе кәсіпкерлерге береміз. Бірақ тек жолаушылар қамын ойлайтын кәсіпкерлерге береміз, - деді ШҚО әкімі.

Следующая →