Балалар ойнайтын алаңында электр сымы жатыр
Протозанов көшесіндегі электр желілерін ауыстырғаннан кейін, шұңқыр көмілмеген. Ал одан шығып жатқан электр сымдары балаларға қауіп төндіруде
Жөндеу жұмыстарын ШҚ АЭК қызметкерлері жүргізен. Жергілікті тұрғындар балалар ойнап жүріп, қазылған шұңқырға түсіп кете ме деп қорқады.
Тұрғындардың айтуынша, жөндеу жұмыстары сәуір айында жүргізілген. Ал жөндеу жұмыстарын жүргізген жауапты мекеме тек журналистер хабарласқаннан кейін ғана жауап берді.
Мекемедегілер атап өткендей жөндеу жұмыстары ұзақ мерекелік демалыстарға орай созылып кеткен.
Следующая →
- №31 үйдегі электр сымдарын жөндеу үшін ШҚ АЭК қызметкерлері шұңқыр қазған, - дейді Протозанов көшесінің тұрғындары. - Жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, шұңқыр қайтып жабылмады. Ондағы электр сымы да сыртқа шығып жатыр. Біз шамамыз жеткенше орды жабуға тырыстық. Бірақ балалар үнемі сол шұңқырдың айналасында ойнайды. ШҚ АЭК-ге хабарласқанымызда ондағылар жөнді ештеңе түсіндіре алмады.
Тұрғындардың айтуынша, жөндеу жұмыстары сәуір айында жүргізілген. Ал жөндеу жұмыстарын жүргізген жауапты мекеме тек журналистер хабарласқаннан кейін ғана жауап берді.
- Бүгін күннің екінші жартысында біздің қызметкерлер ол орынға барып, орды топырақпен көметін болады, - дейді ШҚ АЭК баспасөз хатшысы Алексей Проскуряков.
Мекемедегілер атап өткендей жөндеу жұмыстары ұзақ мерекелік демалыстарға орай созылып кеткен.
Тақырыптар:
Кабель на детской площадке Ремонтные работы в Усть-Каменогорске Коммунальные службы Усть-Каменогорска АО "ВК РЭК"