Нашақорға баласын үйінде жалғыз тастап кеткені үшін айыппұл салынды
Балаларын пәтерге қамап тастап, өзі есірткі пайдалану үшін аулаққа кетіп қалған анаға тәртіп сақшылары айыппұл салды
Полиция қызметкерлері алдымен нашақордың өзін ұстап алған. Медициналық тексеріс оның есірткі қолданғанын анықтап берген. Әйелдің өзі есірткі қолданғанын мойындаған. Кейін тексере келе, полицейлер әйелдің пәтерде екі кішкентай ұлын қамап кеткенін білген.
Содан оған 16 835 теңге айыппұл салған.