Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Мың айдан да қайырлы Рамазан келді, жамағат!

Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы биыл 17 мамырдан басталады. Ал 15 маусым күні Айт басталмақ. Биылғы ораза тұту уақыты былтырғыдай 29 күн болады

Халқымыз ежелден рамазанды ерекше қастерлеп, "он екі айдың сұлтаны" деп құрметтеген. Өйткені рамазан айында Алла Тағала Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) Құран түсіре бастаған, оразаны парыз қылған. Алланың ризашылығына бөленгісі келген кез келген мұсылман бұл берекелі айды тағатсыздана күтеді әрі өзін мұсылман санаған адам ораза тұтып, құлшылыққа беріледі. Бұл айда бейіш қақпалары жабылып, нәпсі мен шайтан қамалады, күнәлар кешіріліп, сауаптар еселеніп көбейеді. 
- Биыл Рамазан айы 16 мамыр күні емес, 17 мамыр күні басталады. Бас мүфти маңындағы ғалымдар астрофизикалық құбылыстарды есептей келе, 17 мамыр рамазан айының алғашқы күні деп тұжырымдады. Яғни, мұсылман жамағаты 16 мамыр күні кешке тарауық намазына қатысып, 17 мамыр күні таңертең ауыз бекітеді. Бұл күні таңертең сағат 2.37-ге дейін ораза ұстауға ниет қылған мұсылман ауыз бекітуі керек. Облысымыздың барлық мешіттері шама-шарқы келгенше ауызашар береді. Ал 15 маусым күні таңғы сағат жетіде облысымыз бойынша Айт намазы оқылады, - дейді облыстық Халифа Алтай мешітінің бас имамы Ермек қажы Тасболатұлы.
Бұқара сүресінің 182-аятында "Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз етілді" делінген.
- Ораза кей адамдардың ойлағанындай, тамақ пен сусыннан тыйылу ғана емес. Алла Тағала бұл айды мұсылман адамның күнәлары мен қателіктеріне кешірім жасауына басшылық етті, ендеше әр мұсылман адам бұл айды ең кемел түрде қарсы алып, кемел түрде өткізуі керек. Оразаны асқазанмен емес, тілмен, көзбен, сөзбен, аяқ-қолмен ұстаған дұрыс, - дейді бас имам.
Рамазанда дәрігер ашығуға тыйым салған науқастар, аяғы ауыр не емізулі баласы бар әйелдер, сапарда болған мұсылмандар ораза ұстамайды. Бұл жандар ораза ұстаған өзге мұсылмандарды тамақтандырса, сол сауап болмақ. Сапарда болып, қайтып оралған жандар оразасын толықтыруы тиіс. 
- Егер денсаулығы келмейтіндер болса, онда ораза ұстаудың қажеті жоқ. Ислам діні деннің саулығын қуаттайды. Сондықтан өз-өзін қинағандардың өзі Алланың алдында айыпты болмақ, - дейді бас имам. 
Мұсылман жұртшылығы Рамазанды барынша ғибадатпен, пайдалы іспен өткергені жөн. Аллаға шынайы тәубе етіп, парыз амалдарды толық орындап, бекітілген, бекітілмеген сүннет амалдарды жасауы тиіс. Жамағатпен мешітке жиналып, тарауық намазын оқығаны жөн. Тілді жаман сөздерден сақтап, құлақ пен көзді харамнан тыйғаны дұрыс. Рамазан айы екенін ескеріп, күнделікті Құран оқып, аят пен хадистерді жаттап, Алланы барынша көп зікір еткен сауап. Туысқандармен қарым-қатынасты жақсартып, араздасқан адамдардың араларын түзеуге тырысу игі іс болмақ. Үнемі дәретпен жүруге, садақа беруге, өзгеге жақсылық пен қайырымдылық жасауға, ауызашар ұйымдастыруға мән берген жөн. Пайғамбардың (с.ғ.с) өмірімен танысып, сәресі мен ауызашар уақытында Пайғамбар (с.ғ.с) дұғалары мен көркем дұғаларын еске алу, ораза ұстамағандарға рамазанның көркемдігін түсіндіруге ықпал ету ләзім. 

Айта кеткен жөн, сәресі ішу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады. Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен, жеміс-жидектермен ашуға болады. Тарауық намазы құптан намазынан кейін оқылса, ал үтір-уәжіп намазы ең соңында жамағатпен бірге оқылады. 

Биылғы пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілген. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен Ораза айт намазына дейін беруге болады. Ал маусымның 11-інен 12-іне қараған түн - қасиетті "Қадір түні".  
Следующая →