Өскемен тұрғыны көліктің кім өртегенін айтқан адамға бір миллион теңге беруге дайын
Кеше Қарағанды көшесінде тұрған "ГАЗель" көлігін біреулер өртеп кеткен еді. Енді көліктің иесі мұны кім істегенін білгісі келеді
Бейнебақылау камерасында жүк көлігіне әлдебіреулердің қасақана өрт қойғаны анық көрінеді. Бетін тұмшалаған екі жігіт көліктің бамперіне жанармай құйып, от қойғаны байқалады.
- "ГАЗель" көлігі жап-жаңа. Шамамен, 8 млн теңге тұрады. Автокөлікті біреулердің тапсырысы бойынша өртеуі де мүмкін. Мен мұны кім істегенін айтқан адамға бір миллион теңге беруге дайынмын, - дейді көлік иесі.
Автокөлік иесімен +7-777-790-71-27 телефоны арқылы байланысуға болады.
Следующая →