Өскеменде бүлдіршінді өрттен құтқарған азамат ізделуде
Пәтерде бес жасар бала жалғыз қалған екен. Ал пәтердің өртеніп жатқанын көрген азамат ойланбастан үйге кіріп, бүлдіршінді алып шыққан
Алып шығып, көршілерге берген екен. Оқиға Бажов көшесінде 6 мамыр күні таңертең 9-да болған. Ас үйде жүрген бала қоқысты өртеп, өзі оны айланып жүгіріп жүрген. Пәтерден түтін шығып жатқанын көрген азамат бірден балкон арқылы пәтерге кіріп, баланы алып шыққан.
Кейін оқиға орнына келген құтқарушылар өртті өшіріп, бүлдіршінді құтқарып қалған азаматқа іздеу жариялаған.