Өскеменнің жанында медициналық қалдықтар үйілген қоқыс күресіні табылды
Ана мен бала орталығының маңынан шприц, ампула, ине сынды медициналық қалдықтар салынған қораптар табылды
Ал мұны тауып алған өскемендіктер Экологиялық қауіпсіздік орталығына хабарлаған. Эколог мамандар медициналық қалдықтар табылған орынға барып, оның заңсыз жерге тасталғанын анықтады.
- Құрылыс қалдықтарының жанынан медициналық қалдықтар да табылды. Олар қорапқа салынған екен, - дейді мекеменің баспасөз хатшысы Елена Полянцева.
Мамандар жергілікті полицейлерге хат жазғалы отыр. Құқыққорғау органдары кімнің заң бұзғанын анықтайтын болады.
Тақырыптар:
Свалка медицинских отходов в Усть-Каменогорске Стихийная свалка мусора Свалки в Усть-Каменгорске Центр матери и ребенка в Усть-Каменогорске Центр экологической безопасности в Усть-Каменогорске