Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да абақтыдан сотталған азамат қашып кетті

Бұзақылық және ұрлық үшін бірнеше рет істі болған азамат сегіз ай бойы құқыққорғаушылардан жасырынып келген

Өскемен қалалық  №2 соты жарты жылдан астам уақыт бойы ұстатпай келген 32 жастағы Аягөз қаласының тұрғынының жазасын өтеу мерзімін ұлғайтты

Осы уақытқа дейін ол түрлі тәртіпсіздіктері мен ұрлық жасағаны үшін бес рет істі болған. Алғашқы екі іске қатысты жазасын шартты түрде өтесе, қалғандарында біраз жылға сотталған.

2015 жылы Семей қалалық №2 соты оны төрт жылға қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеу туралы шешім шығарған. Бірақ екі жылдан кейін ол үлгілі тәртібі үшін қалған жылын қауіпсіздігі орташа колонияға ауыстырылған. Ол осы жерден қашып шыққан.

- 12 шілде күні жазасын өтеуші Өскемен қаласындағы Есенберлин көшесі бойында орналасқан құрылыс нысандарынынан қашып кеткен. Ол бақылаудың болмағанын пайдаланып кеткен, - делінген сот қаулысында. - Жазасын өтеуден бас тартқан ол белгісіз бағытта қашып кеткен.

Қашқынның ізіне тәртіп сақшылары 2018 жылдың наурыз айында бірақ түскен. Қылмыскер ұсталып, тергеу изоляторына тоғытылды.

Сот үрдісі барысында ол өзін қатаң режімдегі мекемеге жібермеуін өтініп, міндетті түрде түзелемін деп уәде еткен. Ол отбасын сағынғандықтан түрмеден қашуға мәжбүр болғанын жеткізген. Бірақ Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен ол жазасын екі жарым жылға қатаң режімдегі колонияда өтейді.

Следующая →