Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Мемлекет қаржысын қайтармай қойған алаяқтар ұсталды

Өскемен қаласының екі азаматы мемлекеттен үш миллион теңге қарыз алып, кепілге ауылдағы құны 150 мың теңге тұратын үйді қалдырған

Қылмыстық істің материалдарында тағы да "Ауыл шаруышалығын қаржылай қолдау қоры" АҚ аты кездеседі.

Мемлекеттің қомақты қаржысын иемдену үшін 26 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны мен оның 24 жастағы алматылық досы қылмыстық жоспар құрған. "Жылқы тұқымын алып, оны өсіріп, сату»" бойынша бизнес-жоспар құрып, 12 жылқы сатып алуға несие алу үшін жергілікті ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына жүгінген. Несие келісімшартын жасасу үшін Ұлан ауданы Огневка ауылынан 150 мың теңгеге кішкене ағаш үй сатып алған. Бірақ тәуелсіз сарапшымен келісіп, ол үйдің құнын 20 есеге артық көрсетіп, 6 млн теңге деп көрсетілген. Құжаттардың барлығын толық жинаған алаяқтар 60 айға 3 млн теңге қарыз алған. Соманы екі дос бөлісіп алған.

Біраз уақыт өткенннен кейін қор қызметкерлері бұл қарызды ешкімнің өтемейтіндігін ұққан. Сөйтіп,  қарыз алушылардың құжаттарын зерттей бастаған. Алаяқтар құжатта көрсеткен орынға  барған мамандар ешқандай жылқының да, 6 млн теңгеге бағаланған үйдің де жоқтығына көз жеткізіп, істі артынша қарызды өндіріп алу бөліміне, кейін полицияға өткізген.

Өскемен қаласының №2 соты екі қылмыскерді шартты түрде бас бостандықтарынан айыру туралы шешім шығарды. Жазадан қорыққан алакерлер қарызды толығымен өтеді. Олар екі жыл үш айдан жазаларын өтейтін болады.
Следующая →