"Қазақстан" тауында сиыр мен қой жайылып жүр
Демалыс күні "Қазақстан" тауына шыққан қала тұрғындары мұнда мал жайылып жүргенін көріп, таңқалды
Бұл маңда жөндеу жұмыстары жасалып жатқан белгілі. Ал малшыларды бұл қызықтырмайтын сияқты, өйткені тауда жайылып жүрген малды қайыруды ойға да алмаған көрінеді.
Жағдай қуанта қоймайды. Өйткені мемлекеттік белгі көрсетілген жерде малдың жайылып жүргені абырой емес. Оның үстіне, жақын уақытта жөндеу жұмыстары да аяқталады. Ал маңайда мал жайылып жүрсе, жөнделген құрылыстың қирап қалмасына кім кепіл?!
Ал "Өскемен Тәртіп" кәсіпорны болса, малды қууға заңды құқығы жоқ екендігін айтады.