Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Тарбағатай ауданында адамдар өзен ортасында трактормен батып қалған

Өзен ортасында трактормен батып қалған азаматтарды құтқарушылар шығарып алды

Төтенше жағдай кеше Тарбағатай ауданындағы Есім ауылдық округінде орын алды. Тұрғындар Қарғоба өзені арқылы Есім ауылына жерлеу рәсіміне аттанған. Бірақ 35 метрлік өзеннен өту мүмкін болмай, тіркемесі бар трактор су ортасында қалған. 

Өзеннің тереңдігі бір метрден сәл асатын көрінеді. Бірақ ағыс арынды, ал су мұздай болса да тұрғындар қорықпай, суға секіріп, өзеннің келесі бетіне жеткен.

- Адамдар ауылдарына кері қайта алмаған. Есім – тығырықта орналасқан ауыл, ондағы тұрғын үйлер саусақпен санарлық және жол жоқ. Сондықтан да адамдар құтқарушыларды шақыртқан. Олардың киімдерінің барлығы суға малшынып, қата бастаған, - дейді Тарбағатай ауданының №59 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Бақытбек Нұрғалиев.

Өрт сөндіру бөлімінің мамандары арнайы техникамен 25 адамды келесі бетке өткізіп, Есім ауылынан 30 шақырымда орналасқан елді мекенге жеткізді.

Құтқарушылар осындай жағдайларға тап болмас үшін тәуекелге бас тікпеуді ескертеді. Құтқарушылардың жеткенін күткен жөн.
Следующая →