Өскеменнің автобус жүргізушісі аялдаманы қағып кетті
Жүргізуші Мелькомбинат ауданындағы автобустардың соңғы аялдамасын күреп өткен екен
Соңғы уақыттары Өскемен қаласында жаңадан орналастыра бастаған тоқсары аялдамалар жиі құлайтын болып жүр. Бірде жел ұшырып төңкеріп кетсе, енді, міне, автобус жүргізушісі оны қағып кетті.
Бұл жолы №24 қоғамдық көліктің жүргізушісі соңғы аялдамаға тоқтаймын деп, оны құлатып кеткен екен Куәгерлердің айтуынша, автобустың өзі де зардап шеккен. Алдыңғы есіктің терезесі сынған. Ал жүргізуші болса, автопаркке аялдаманы құлатып алғанын айтпаған көрінеді. Өйткені парк қызметкерлері бұдан бейхабар болып шықты.
- Бізді мұндай жағдай тіркелген жоқ. Жүргізуші оқиға жайлы айтпаған болуы керек. Әрине, мұның анық-қанығын анықтайтын боламыз, - дейді "РОСТ" ЖШС бас инженері Қадырхан Нағамбаев.
Ал "Өскемен-Тәртіп" кәсіпорны бұл аялдаманы қайтадан орнататын болады.