Өскеменде "мұражай түні" өтеді
Дәстүрге айналған шара биыл 16 мамыр күні өтеді
Бұл күні Өскемен қаласындағы мұражайлардың барлығы мерекелік шаралар өткізеді. Бірі көрме ұйымдастырса, бірі қойылым қояды, ата-баба дәстүрін көрсетеді.
Бұл күні сағат 19.00-де "Жастар" саябағында "Алтай" қазақ халық ансамблі мен "Бастеньки" фольклорлық ансамбінің, "Русская песня" зорының қатысуымен концерт басталады. Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі де осында ұйымдастырылады. Ал қазақ жазушылары үйінде сағат 19.00-де "Шабыт" студенттер театрының М.Мақатаев, О.Бөкеев шығармаларына негізделген қойылымдары шымылдық ашады. Марал өсірушілердің үйінде сағат 20.00-де орыс халық фольклорлы-этнографиялық бағдарламасы басталады.
Қасым Қайсенов көшесі, 67-үйде орналасқан мұражай-қорықта да үлкен шаралар өтеді. Мұнда балаларға да, ересектерге де арналған шеберлік сыныптары, көрмелер өтеді.