Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Пермитина көшесінің тұрғындары сауда кешенінің салынуына қарсы

Өскемен қаласының Пермитина мен Қазақстан көшелерінің қиылысында ірі сауда үйінің салытандығы тек ақпан айында ғана белгілі болған еді

Қазір мұнда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ал сауда кешеніне жақын орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары болса, құрылыстың техникалық талаптарға сай жасалып жатпағанын айтып, наразылық танытуда. Өйткені бұл үлкен сауда кешені тұрғын үйлерге тым жақын салынуда. Оның үстіне, құрылыс жұмыстары да тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіруде.

- Ешқандай қоғамдық тыңдалып болған жоқ. Ал кейбір шенеуніктер болса, қоғамдық тыңдалым өтіп, тұрғындардың құрылысты салуға бірауыздан келіскенін айтуда. Біздің пікірімізді ешкім де сұраған жоқ қой, - дейді тұрғындар.

Өскемен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мәліметтеріне қарағанда, нысанды тұрғызу туралы шешім 2017 жылдың тамыз айында шығарылған. Ал биыл қаңтар айында жоба эксизіне келісім берілген.

- Мұндай ірі сауда кешені жатын тұрғын үй маңында салынбауы тиіс. Үлкен жүк көліктері жолды жауып, жеңіл көліктердің аулаға кіруіне кедергі келтіреді. Ал өрт болса, кім жауап береді? - дейді Пермитина көшесінің Екатерина есімді тұрғыны.

Ал қалалық құрылыс бөлімі тұрғындардың наразылығы ескерілетіндігін, бұл нысанға қатысты қайтадан мемлекеттік сараптама өтетіндігін хабарлады.

- Қала тұрғындарының арызы бойынша бұл мәселе қаралу үстінде. Сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарына сәйкес жұмыс жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс. Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес болмаса, жобаның іске асырылуына жол берілмейді, - дейді Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Сұңғат Кушуров.

Дегенмен мекеме әлі мемлекеттік сараптаманың жүргізілетіндігін айтса да, бұл маңда құрылыс жұмыстары әлі жасалып жатыр. Нысанның маңында дәнекерлеу жұмысын жасап жүрген жұмысшылар көп.

Следующая →