Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменнің өрт сөндірушісі пара алған сәтінде ұсталды

Ер адам жұмысынан айырылып қана қоймай, мемлекетке 2,7 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді

ШҚО ТЖД диспетчерлік қызметіне Өскеменде жүк вагонының өртеніп жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндіру қызметінің бригадасы оқиға орнына барады.Сонымен қатар оқиға орнында сол күні кезекшілік еткен аға инженер де болған.

Кәсіпорынның өндірістік базасының аумағында теміржол вагоны есебінен шығарылған ағаш құрылымдары жанып тұрғаны анықталды. Кәсіпорын иесінің өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауы -  өрт шығуының басты себебі.

ТЖД-ның аға инженері өртке кінәлі тұлғаға әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы протокол жазып және өндірістік базада өрт қауіпсіздігін тексеру жұмыстарын жүргізетіндігін мәлім еткен.

Жеке кәсіпкер ғимаратты жалға алып отырғандықтан ешқандай тексеруді қаламаған. Ал бұл тұста ТЖД қызметкері көмектесе алатынын білдіріп, 45 мың теңге талап еткен. Өрт себебінің иесі келіскен. Кейін жазбаша өтінішпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүгінді. Сол күні аға инженер қолға түскен.

№2 Өскемен қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауапкер, азаматтық қорғау капитаны арнайы атағы мен мемлекеттік лауазымға тұру құқығынан өмір бойы айырылған. Сондай-ақ, ол 2 миллион 700 мың теңге айыппұл төлеуге мәжбүр.

Следующая →