Өскеменнің кейбір көшелері жарықсыз қалады
Спорт сарайы маңында жүріп жатқан жол үсті көпірін салу жұмыстары кесірінен көше жарықтары өшіп қалды
Спорт сарайы алаңының жарығы қосылмағанына үш күн болды. Бұл маңдағы құрылыс соңғы уақыттары қарқынды жүріп жатыр. Нысанның бір жақ шеті бітіп қалды. Бұл маңда жұмысшылар қарекет қылып жатқан болса, тұрғындары болса, түнде көше жарығынсыз қалайын деп тұр.
- Тәуелсіздік пен Абай даңғылы қиылысында салынып жатқан жол үсті көпірінің инженерлік құрылымдары салынғалы жатқанына байланысты Спорт сарайы маңында 10-12 мамыр аралығында көше жарығы болмайды, - дейді Өскемен әкімі баспасөз қызметі.