Өскемен жылу жүйелері суық күндері кімдердің жылу қолдана алатындығын айтты
Өскеменнің кейбір тұрғындары тоңып жүрсе, енді кейбірінің пәтерлері жылы
Өткен айдың 23-нен бастап жылу өшіріле бастаған еді. Бұл уақытта күн райы да бұзылып, күрт салқындап кетті.
Пәтер іші суық. Ал тұрғындар болса, "неге кейбір пәтерлерге жылу беріліп жатыр, ал бізде неге жоқ?" деген сынды сауалдар қоя бастады.
- Балабақша, мектеп, аурухана мен өлшеу құралдары бар пәтер иелері 31 мамырға дейін жылу қолдана алады, - дейді "Өскемен жылу" АҚ баспасөз қызметі.
Ал кім әрі қарай жылу пайдаланғысы келсе, онда есептеу құралын орнатуы қажет. Ол үшін М.Горький көшесі, 61-үйдің 105-кеңсесіне жүгіну керек.