Өскеменнің хайуанаттар бағына жабайы мысықтар әкелінді
Жабайы мысықты кез келген тұрғын келіп көрсе болады. Олар сол жақ жағалау хайуанаттарына бағында тіршілік етуде
Үш жабайы мысық хайуанаттар бағына күзде әкелінгенімен, күн жылынған соң ғана қостан шыққан.
- Күзде қарақал мен бұташын мысығы әкелінген. Бұташынның мысығы бар. Олар қыстай карантинде болды. Бұл жабайы мысықты сілеусінмен шатастыруға болмайды. Қарақалдың қос құлағы шашақ қылқалам сынды. Бұташынның құлағы қылқаламға ұқсамағанымен, денесі ала түсті. Мысықтың бұл екі түрі де жоғалудың аз-ақ алдында. Ал тұрғындар сирек кездесетін жабайы мысықтарды жануарлар бағына келіп көре алады, - дейді ШҚО сәулет-этнография және табиғи-ландшафт мұражай-қорықтың қызметкері Алла Доценко.
Ал жазда хайуанаттар бағына попугаи мен фламинго әкелінеді. Олар да күн жылынған соң, далаға шығарылады.