Ворошилов көшесінің тұрғындары әлі де жаяу жүретін болады
Қаладағы трамвай паркінің жұмысы тоқтатылғандықтан ММҮ ауданының тұрғындары жаяу жүруге мәжбүр
Наурыз айының аяғында Трамвай паркінің жаңа иесі "Ертіс" ӘКК басшысы трамвайлар сәуір айында қайта іске қосылады деген болатын. Бірақ әлі вагондар әлі де рельске шықпады. Ал Ворошилов көшесінің тұрғындары қоғамдық көліксіз қалғандарына наразы.
Следующая →
- Мен қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы ғимаратына қарама-қарсы үйде тұрамын. Трамвайлар тоқтағалы біз күнде жұмысқа жаяу баруға мәжбүрміз, - дейді Ворошилов көшесінің тұрғыны Галина Любавина. – 15 бағыттағы автобусты шағырғанымен олар Тургенев көшесінен жүреді. Ал Абай даңғылынан Көлік зауыты аймағына ешқандай автобус бармайды. Біз қаланың ортасында тұрсақ та неліктен қоғамдық көліксіз қалдық? Бұл сұрақты билік өкілдері шешсе екен.Бірақ қалалық Жолаушылар тасымалы басқармасы орталығы ешқандай үміт сыйламады.
- Ворошилов көшесіндегі қозғалыс біржақты болғандықтан, ІІБ бізге сол бағытта автобус шығаруға рұқсат етпейтін шығар, - дейді Жолаушылар тасымалы басқармасының орталығы директорының міндетін атқарушы Ернар Мустафин. - Енді трамвайлардың қайта бағытқа шығуын күту керек. Вагондар Алматыдан жақын күндері жеткізілетін болады.