Өскеменде жаңа экспресс-маршруттар ашылуы мүмкін
Қоғамдық көлік қозғалысының өзгеруіне байланысты жаңа экспресс-машруттар бойынша автобустар жіберілуі мүмкін
Өскеменде қоғамдық көліктердің маршрутын өзгерту үшін 35 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Жолаушылар тасымалын басқару орталығы қоғамдық көлік схемасының өзгеруіне байланысты қалада жаңа маршруттар ашылып, кейбір ұзақ қашықтыққа қатынайтын маршруттар жабылуы мүмкін екендігін айтады.
- Тұрғындар автобусқа сыймайтынын айтып көп шағымданады. Әсіресе, 19-шы, 22-шы шағын ауданның тұрғындарына қиын. Шынын айтқанда, бұл аудандарға маршруттар қатынамайды да. Біз бұл аудандарға маршрут тартуды ойлап отырмыз. Ол үшін жаңа бағытта қозғалатын маршруттарды ұйымдастыру керек. Есесіне, Ертістің сол жағында орналасқан маршуттар да қысқаруы мүмкін. Мәселен, 60-шы маршураттың жолы қысқарады. Қазір маршрутты шағын аудандарға дейін созу керек пе әлде олар жолаушыларды белгілі бір орынға дейін апарып, ары қарай осы ауданда ғана қатынайтын қоғамдық көлік ұйымдастырамыз ба, осыны ң тиімділігін анықтау үшін зерттеу жүргізіп жатырмыз, - дейді орталық директорының м.а. Ернар Мұстафина.
Егер қоғамдық көлік ауданның шетіне ғана баратын болса, онда жолаушыларға қиын болары сөзсіз. Ал автобустар ұзақ қашықтыққа қатынаса, онда тасымалдаушыларға тиімсіз. Сондықтан Ернар Мұстафиннің сөзіне қарағанда, ұзақ қашықтыққа қатынайтын автобустар барлық аялдамаларға тоқтамай, тек басты аялдамаларға ғана жолаушыларды түсіруі мүмкін.