Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші ізделуде
Полицейлер Ушанов алаңы маңында 25 жастағы жігітті қағып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр
Жүргізуші тұрғында 29 сәуір күні түнде қағып кеткен. Сағат 05.30 шамасында жедел жәрдем ауруханасы тәртіп сақшыларына хабарласып, көлік қағып кеткен жігіттің ауруханаға түскенін айтқан.
- Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері іздеу шараларын жасауда, - дейді ШҚО ІІД.
Құқыққорғау органдары жол көлік оқиғасын көрген куәгерлерді іздеп жатыр. Куәгердің аты-жөні құпия болады әрі сыйлықақы беріледі.
Бұл оқиға туралы білетін жан болса ШҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің 77-60-05, 77-70-81 телефондарына немесе Өскемен қаласы ІІБ-нің 23-26-28 телефонына немесе 102 желісіне де хабарласуға болады.