Семейде жолаушылар жарақат алған көлік оқиғасы туралы деректер белгілі болды
Семейде Toyota Lund Cruiser мен қоғамдық көлік соқтығысып қалған еді
Семей ішкі істер басқармасы баспасөз қызметі жол талғамайтын көліктің иесі жол ережесін бұзғанын айтады. Оған әкімшілік айыппұл берілген.
Маршрут автобустың ішінде отырған бірнеше жолаушы жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.