Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен көшелерінде мерекелік шеру басталды

Қазақстан Халықтары Бірлігі күніне орай, көшеде шеру жасау үшін 10 мыңнан аса өскемендік тұрғын Астана көшесінің бойына жиналды

Бүгін күн бұлтты әрі суық. Былтыр да 1 мамыр жауын-шашынды, суық болған еді. Алайда халықтың көңілі түсіп, алаңдап тұрғаны шамалы. Қолына шар мен жалау, транспарант ұстап, форма киген тұрғындар сапқа тізіліп, Республика алаңына қарай шеру бастады, деп хабарлайды Устинка LIVE.

"Мен – Қазақстанның патриотымын!" атты акцияға бұл жолы қаланың 60 шақты мекемесі қатысып отыр. Оның ішінде "Устинка плюс" пен "Алдаспан" облыстық газеттері мен Устинка LIVE жаңалықтар порталының ұжымы да бар.

Айта кетейік, бүгінгі күні Өскемен қаласында бұдан өзге де мерекелік шаралар өтпек. Сағат 10.00-де "Астанаға 20 жыл" ұранымен автожарыс басталады. "Бипэк Авто - Азия Авто" компаниясының көліктері қаланың басты көшелерін шарлап, елдің көк байрағын желбіретеді.

Ал сағат 11.00-де Республика алаңында "Қазақстан – бейбітшілік пен келісім бесігі" атты мерекелік шара басталады. Мұнда қаланың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Алаңда спорттық сайыстар, ат ойындары ұйымдастырылады.

Мұнда стрит воркаут спортшылары да қойылым қойып, робототехника мен балаларға арналған қолөнер бұйымдарының көрмесі өтеді.

Ал сағат 14.00-де "Автоэкзотика-2018" атты автошоу өтеді. Көрмеге 30-дан аса ретро-көліктер қойылады.

Ал сағат 18.00-де "Студенттік көктем-2018" атты гала-концерт басталады.

Следующая →