Екі жылда Қабанбай батыр мен Қазақстан көшелерінің қиылысында 100 жүргізуші куәлігінен айырылған
Мамандардың айтуынша, куәлігінен айырылған жүргізушілердің саны жыл сайын көбейіп келеді, ал қиылыстың жолын қалпына келтірер ешкім жоқ
Бұл жайында Қоғамдық кеңес мүшелері айтып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Қаладағы мәселесі көп ең қиын қиылыстардың бірі – Қабанбай батыр мен Қазақстан көшелерінің қиылысы. Яғни, көшенің қиылысы түзу емес. Соның кесірінен жүргізушілер көшемен түзу өту үшін шағын бұрылыс жасап барып жүреді. Ал бұл қарсы бетке шығу боп саналады. Заң бойынша, мұндай ереже бұзған жүргізушілер куәлігінен бір жылға айырылады, - дейді ШҚО Прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау басқармасының бас прокуроры Роман Гальцер.
Қоғамдық кеңес мүшелері жол қозғалысының бағытын өзгертуге не қосымша жол белгілерін қоюға келісіп отыр.