Өскемендегі "Металлург" саябағы жазда ашылмауы мүмкін
"Металлург" саябағының иесі Өскемен қаласы әкімдігінен орынды босату туралы талап арыз алған
- Әкімдік саябақ аумағында орналасқан пунктердің барлығын заңсыз деп тауып, орнын босату, ал оған берілген техникалық төлқұжатты жарамсыз деп табу, аттракциондардың барлығын алып тастау туралы талап қойып отыр. Әкімдіктің ойынша, саябақ аумағында орналасқан нысандардың барлығы заңсыз қойылған, 2008 жылы-ақ Жоғарғы сот бұл нысандарды заңсыз орналасқандығы жайлы сот шешімі бар, - дейді саябақ иесі, "ВАТ" ЖШС директоры Андрей Татарников.
Директордың сөзіне қарағанда, талап арыз бойынша жұма күні сот отырысы болады. Осы кезде ғана саябақтың тағдыры шешілмек.