Жиектас ауыстыруға 100 млн теңге қаржы бөлінді
Өскемен қаласының Тәуелсіздік даңғылы бойындағы жол ернеуін, жиектастарын ауыстырмағанға біраз жыл болды
Даңғылдың бойы жөнделетіндігі жайлы Өскемен қалалық Қоғамдық кеңесінде айтылды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Қала бюджетінен су тасқынынан зардап шеккен жолдарды жөндеу үшін 60 млн теңге, аялдамаларды жөндеуге 20 млн теңге, тротуарды жөндеуге 85 млн теңге және жиектастарды ауыстыруға 100 млн теңге қаржы бөлінеді. Тәуелсіздік даңғылының екі жағындағы жиектастары ауыстырылады, - дейді Өскемен қаласының әкімінің орынбасары Елена Литвинова.
Алайда депутаттарға соңғы бюджет қаржысы ашу шақырды.
- Осыдан алты жыл бұрын жиектастарды гранитке ауыстырған мердігер 25 жылға кепілдік берген болатын. Айналдырған бес-алты жылдың ішінде тозды да қалды, - деп ашынды Қоғамдық кеңес мүшелері. – Қазына қаржысын ысырап еткенді қашан қоямыз?
Ал Қоғамдық кеңес төрағасы Станислав Каримов жиектастарды орнату жұмысын қадағалау үшін арнайы комиссия құру қажеттігін айтты.