45-ші дәріхана маңындағы жер асты өткелін кім былғап кетіп жүр?
Жер асты өткелінің ішінде сынған әйнек пен бос бөтелкелер, шыны мен шылым қалдықтары толып жатыр
Ал өткелдің тазаланбай, лас болып жатқанына наразданған тұрғындар біздің жедел желімізге хабарласып, мәселе көтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Қала тұрғындары өткелдің маңайында полиция пункінің орналасқанын айтып, тәртіп сақшыларының қайда қарап жүргенін сұрады. Ал "Өскемен Тәртіп" кәсіпорны бұл өткелдің жағдайы, шынымен де, нашар екендігін айтты. Өйткені бұл мекенді қағылған-соғылғанның кез келгені қоқыс тастап, былғап жүре беретін көрінеді. Оның үстіне, қаңғыбастар да жылы орында "тұрақжайға" айналдырған.
- Қызметкерлеріміз бұл аумақты күн сайын сыпырып, аптасына бір рет жуып тазалайды. Қашан көрсең, шынылар сынып жатады. Есікті де сындырып кететіндер көп. Жасанды гүл салынған қыш құмыраларды сындырып кетеді, - дейді "Өскемен Тәртіп" баспасөз қызметі Әсел Ахметжанова.
Мұның барлығы мемлекет қаржысының есебінен жөнделеді. Бұған дейін қанша рет жөнделді десеңізші?
- Полицейлер әлі бірде-бір бұзақыны ұстаған жоқ. Демек, сынған заттың құнын қайтарар адам да жоқ, - дейді Әсел Ахметжанова.