"Астана банкінің" облыстық филиалы салымшыларынан айырылды
Қазір банктің бүкіл елдегі бөлімшелерінде қаржылық қиындықтар бар. Бірақ банк жұмысын тоқтатқан жоқ
"Астана банкі" өз салшыларынан айырылып отыр. Қазақстандағы кейбір азаматтар, оның ішінде шығысқазақстандықтар да бар, депозитке жинаған қаржыларын ала алмай жүр. Банк өз клиенттерінен түпкілікті айырылып, жабылып қалмас үшін Ұлттық банктен қарыз алмақ.
- Қазір банк көп клиенттерін жоғалтты. Бірақ соған қарамастан жұмысты жалғастырудамыз. Қалыпты режімде жұмыс жүргізудеміз, ұзын-сонар кезек жоқ. Бірақ аптасына бір адамға ғана бір миллионға дейін қаржы беріледі, - деді "Астана банкінің" Шығыс Қазақстандағы филиалы директоры Нұрлан Байбатчин.