Өскеменде су тасқынынан зардап шеккендерге ақша төлене бастады
Кеше көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 17 отбасының өтініштері қаралды
Өскемен қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 отбасы 12,5 млн теңгеден астам қаражатқа әлеуметтік көмек алады.
Төлемдер "Қазпочта" АҚ пошта бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады. Бөлінген қаражат 27 сәуірге дейін жіберіледі. Тағы да 15 отбасыдан келіп түскен өтініштер қабылданды. Олардың құжаттары 27 сәуірде қаралатын болады.