Облыс инспекторлары браконьерлерді тікұшақпен ұстауда
Қазір облыста балық аулауға тыйым салынды. Десе де, екі аптаның ішінде инспекторлар 15 браконьерді ұстап алған
Заңсыз балық аулаушыларды жылдам ұстау үшін әрі аумақты бақылауда алу үшін инспекторлар тікұшаққа қонған. ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның инспекторлары 15 әкімшілік хаттама толтырған.
- Барлығы 84 мың 175 теңге айыппұл салынды, - дейді мекеме.
Браконьер балықшылардан бір моторлы қайық, үш қайық пен 24 ау және 30 келі балық тәркіленіп алынған.
Следующая →
Тақырыптар:
Браконьеры в ВКО Браконьерство в ВКО Восточно-Казахстанская областная территориальная инспекция лесного хозяйства и животного мира