Жеті жастағы бала үйде тұншығып қалды
Өскеменде иіс газынан бес адам тұншығып қалды, оның ішінде екеуі – бала. Ал бір бала жедел жәрдем келгенше жан тапсырды
Қайғылы оқиға сенбі күні болған. "Родничок" саяжай аймағында орналасқан жер үйдің тұрғындары иіс газынан уланып қалды. Пештің жапқышы орнынан жылжып кеткен екен. Тар үйге улы газ лезде тарап үлгерген.
Өскемен қаласы ТЖБ хабарлағандай, үш ересек пен екі бала зардап шеккен. Ал жеті жасар қыз бала жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмған. Ал қалғандары ауыр халде жатыр.