Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

"Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" республикалық жобасын талқылау бойынша Бірыңғай күн аясында Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында дөңгелек үстел отырысы өтті

Ел болашағы - жастардың бәсекеге сай, сапалы білім алуы үшін, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуға тиіс жұмыстар Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында тізбектеліп айтылған. Сондықтан Мемлекет басшысы "Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасын қол алуды тапсырды. Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау - алдағы бірнеше жылдың үдесіндегі мақсат-міндет болып табылады. Бағдарламаның ұтымды тұстарын шығысқазақстандықтар да қолдап отыр.  

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында өңіріміздегі жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылары және Шығыс Қазақстан облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, Ғылыми-сараптамалық тобы, "Жаңғыру жолы" жастар штабының мүшелері мен этномәдени бірлестік белсенділері қатысқан ауқымды шара өтті.
- Бір жыл көлемінде жалпы елімізде Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының аясында әр салаға қатысты көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды,  соның ішінде бүгінгі баршамыз бас біріктіріп талқылап отырған, "Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасын ерекше атап өткім келеді. Себебі бұл осы жиынға қатысып отырған жастар, сіздердің, болашақтарыңыз үшін жасалып отырған ауқымды жоба. Елбасымыз сіздер жан-жақты білім алу үшін осы бастаманы орындауға тапсырма берді. Әлемнің ең үздік авторларының еңбектерін енді сіздер қазақ тілінде оқуға мүмкіндік алдыңыздар, - деді отырыс барысында сөз алған  Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубекұлы.
Дөңгелек үстел отырысына келген жоғары оқу орындарының оқытушылары аталмыш жобаның тек жастар үшін емес, оқытушылар үшін де маңызы зор екендігін тілге тиек етті.

- "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасының қолға алынуы оқытушылар мен студент жастар үшін өте зор маңызға ие, - дейді  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының аға оқытушысы, ШҚО ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Майра Шүршітбайқызы. - Біз алдағы уақытта әлемдегі айтулы оқу орындарының білім беру бағдарламасындағы оқулықтармен өз студенттерімізге білім беретін боламыз.  Мен университетімізде филосфия, дінтану пәндерінен дәріс оқимын. Бұған дейін осы пәндерге қатысты оқулықтардың жетіспеушілігі байқалатын еді. Енді "Рухан жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық"  бастаманың берері мол болмақ. 

Следующая →