Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өскеменде "Anime" жаңа музыкалық тобы құрылды

Күні кеше ғана құрылған топ қоржыны 2 әнмен толыққан. Жас өнерпаздардың "Розовый мрамр" деп аталатын әні тыңдарманның ықыласына бөленіп үлгерді

Топ проюсері Радмила Мартыневскаяның айтуынша, бұл ән "Евровидение" және тағы да басқа байқауларға арнап ән жазып жүрген ресейлік композитордың туындысы. 
- Бұл - заманауи әндерге негізделген, поп жанрында өнер көрсететін  коммерциялық жоба. "Anime" тобы 2018 жылдың ақпан айында ғана құрылса да нәтижесі жаман емес. Мақсатымыз - Өскемен қаласындағы жас өнерпаздарды қолдап, үлкен сахналарға дайындау. Алматы, Мәскеу қалаларының продюссерлерімен тығыз байланыстамыз. Сондай-ақ, топтың әр мүшесіне де жеке жобалар бар, - дейді "Antares" продюсерлік орталығының жетекшісі Радмила Мартыневская. 
Алдағы уақытта топ осы әндерге арнайы бейнебаян түсірмекші және бейнебаян "Муз тв" Ресей арнасы арқылы көрермендерге жол тартпақ. Сонымен қатар, топ мамыр айынан бастап өңірдегі концерттік бағдарламаларға қатысып, қазақ, ағылшын, испан тілдерінде ән жазуды жоспарлап отыр.

Топ мүшесі 3 қыздан құралған. Атап айтсақ, Алтынай Калелова 15 жаста, №46 мектептің 9-сынып оқушысы, Дамель Кенжебекова 12 жаста, №38 мектептің 6-сынып оқушысы, Алматыда өткен "Top model 2017” байқауының жеңімпазы,  Мартыневская Даниэла 13 жаста, "Бриг" жеке бизнес-мектебінің оқушысы. Сондай-ақ, топ мүшелерінен өзге  Аделя есімді 8 жастағы жас журналист қыз да орталықтың бір жобасы. Ол №38 мектептің 2-сынып оқушысы, өңірлік "Altay” арнасындағы  “TV Kids” бағдарламасының жүргізушісі. 
- Әр қыздың өзіндік қызығушылығы мен мақсаты бар. Топ мүшелері үшін арнайы актерлік шеберлік, сольфеджо сабақтары өтеді. Сондай-ақ, қыздармен кәсіби хореограф жұмыс істейді. Олар әр түрлі кастинг, сән көрмесі мен фотосессияларға қатысады, - дейді  топ жетекшісі Радмила. 
Топтың мүшелері мектеп оқушылары болғандықтан қазіргі таңдағы олардың негізгі міндеті - білім алу. Ал үлкен сахналарға шығуға бет алған топтың шығармашылық жұмыстары әлі жетіп артылады. 
- Қазіргі таңда балалар өз қызығушылықтарына орай әр түрлі үйірмелер, байқаулар мен түрлі спорттық жарыстарға қатысып, белгілі бір бағыт бойынша уақыттарын өткізуде. Тіпті, сабаққа айлап қатыспайтын оқушылар да бар. Жалпы қызымның сабақ үлгерімі де жақсы, сондай-ақ, оған орталықтың да жұмысы ұнайды. "Екі кеменің басын ұстаған суға батады" демекші, біз, ата-аналар балаларымызды не қызықтырады, сол бағытқа қарай оларды бағдарлауымыз керек, - дейді "Anime" тобындағы Дамельдің анасы Жанна Жунусова.




Следующая →