Өскеменде тозығы жеткен Октябрь су бөгеті жөнделеді
Су бөгеті жөнделсе, 45 мың тұрғынның пәтері тәулік бойы сумен қамтылады
Өскемен әкімі баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше Өскемен Водоканал кәсіпорны мен ALKE Insaat Sanaye ve Ticaret компаниясы су бөгетін жөндеу туралы келісімге қол қойған.
- Бұл жоба Еуропа қайта құру банкінің ықпалдастығымен жасалады. 1958 жылы қолданысқа берілгеннен бері Октябрь су бөгеті еш жөндеу көрмеген. Жөндеу кезінде оның техникалық құрал-жабдықтары, су қамту жүйесі мен басқару режімі ауыстырылады, - дейді Өскемен-Водоканал коммуналды кәсіпорнының басшысы Ержан Аубакиров.
Жобаның жалпы құны 1,7 млрд теңге. Бір жылдың ішінде жөнделіп бітуі тиіс.