Өскеменде екі жаяу жүргінші белгісі алынады
Комендантка өзені маңындағы жол белгілері алынып тасталады. Өйткені мұнда жаяу жүргіншілер белгісінің кесірінен жол оқиғасы көбейіп кеткен
Жаяу жүргіншілер жолын жабу туралы ойды Өскемен қоғамдық кеңесі айтқан, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Бұл маңда жол-көлік оқиғасы жиіледі. Тұрғындар арасында сауалнама жүргізген едік, 94 пайызы бұл белгіні алып тастауға келісті. Бұл жолақты алып тастау туралы ой былтыр да айтылған. Өйткені жолдың енін кеңейту керек болатын. Ал жаяу жүргіншілер жолын алып тастамай, көлік жүретін жолды кеңейте алмаймыз, - дейді кеңес төрағасы Станислав Каримов.
Ал тұрғындар болса, жаяу жүргіншілер жолымен емес, көпірдің астымен өтетін болады.