Зырянда 43 үй құлағалы тұр
Тағы да 250-ге тарта үй жөндеуді қажет етеді
Ал аудандағы үйлер 18 мамырға дейін қалпына келтіріледі. ШҚО әкімі баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл туралы тапсырманы бүгін Зырян ауданына іс-сапармен барған Даниал Ахметов берген.
Зырянда су тасқыны кесірінен 414 үйге су кірген болатын. Осы уақытқа комиссия шешімі бойынша «43 баспана тұруға жарамсыз» деп танылған. Дегенмен зардапты бағалау жұмыстары келер аптада бітетіндіктен бұл нақты көрсеткіш емес.
- Қазіргі таңда 155 үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. 250 үйде қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бүгін бастапқы жұмыстарға облыстық бюджеттен 150 миллион теңге аударылады, - деп атап өтті ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Бүгінде Зырян ауданында 16 құрылыс компаниясы жұмысын бастады.