Өскеменде "ақылды" бағдаршамдар орныластырылады
Бұл "ақылды" бағдаршам жаяу жүргіншілерге жол көрсетіп, жол ережесін бұзғандарды бейнетаспаға түсіріп алады
Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, "ақылды" бағдаршамдарды "Бернард груп" атты немістің инженерлі компаниясы әкеп орналастырмақ.
- Бағдаршамның барлық іс-әрекет таймер бойынша жұмыс жасайды. Екі камера орналастырылады. Оның бірі жол ережесін бақылап отырса, екіншісі жол ережесін бұзған адамның биометриялық ерекшеліктерін, бет-әлпетін жаттап қалады. Бұл Ішкі істер органдары деректер қорынан қандай адамның ереже бұзғанын дереу анықтау үшін қажет болмақ, - дейді компанияның өкілі Александр Черников.
Бағдаршам жаяу жүргінші жолына жарық түсіріп, жүргізушіге белгі береді.