Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +18°
$
443.72
+0.28
482.28
+1.77
¥
61.35
-0.01
4.9
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да алғашқы аудандық инсульттық орталықтар ашылады

Биыл Аягөзде, кейінірек Зырян ауданында компьютерлік томографиялық заманауи медициналық мекемелер пайда болады

Инсульт алған науқастарға көмек негізіндегі аудандық орталық ауруханалардың дамуына облыстық бюджеттен 1 миллиардтан астам қаражат бөлінді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, билік 64 торлы компьютерлік томографты, сондай-ақ реанимациялық және реабилитациялық жабдықтарды сатып алуды жоспарлап отыр.

Аягөзде ашылатын орталық Үржар, Тарбағатай, Аягөз және Жарма аудандарының пациенттерін қабылдайды. Зырян қаласының медициналық мекемесінде Күршім және Катонқарағай аудандарының науқастары тексеріле алады.

Сондай-ақ, жақын арада Аягөзде перзентхана жаңартылып, жұмысына кіріседі. ШҚО әкімі Даниал Ахметов перзентхананы және инсульт орталығы үшін арнайы бөлінген блокты көріп қайтты.
- Біз медициналық техниканы сатып алуға, шамамен, 440 миллион теңге таптық, - деді облыс басшысы. - Осылайша Аягөздегі және басқа да аудандардағы ауыр науқастар Семейге немесе Өскеменге жіберілмейтін болады. Бұл жерде барлығы халықаралық стандарқа сәйкес, "Ана мен бала" және "жаңа туған нәресте" бөлімшелері болады. 
Сонымен қатар, аурухана үшін RetCam тораптық камерасын сатып алу жоспарлануда. Ол жаңа туған нәрестелердің, соның ішінде шала туылған нәрестелердің жа5дайын зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі жатырдың және ананың күйін бақылауға арналған феталды мониторлар әкелінбек.
Следующая →