Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Бес жүз мыңға бағаланған қос алып

Абай мен Михаэлистің мүсіні жарнамалық сайтта саудаға шығарылды. Ал мүсіндер төрт жыл бойы шаң басып шеберханада жатқан

Өнер адамдары мен тұрғындардың ой-пікірін көзге ілмейтін шенеуніктерге деген наразылығын білдірген өнер иесі қос замандас ойшылдың - Абай мен Михаэлистің мүсіні жарнамалық сайтта саудаға шығарды. Ал мүсіндер төрт жыл бойы шаң басып шеберханада жатқан. 

Екі мүсін де 2014 жылы жасалған. Ал авторы - қазір марқұм болып кеткен Владимир Самойлов. Мүсінді сәулетшінің ұлы сатылымға шығарған. Алғашқы мүсін - Абайдың бюстіне, негізінде, Шемонаиха ауданының әкімдігі тапсырыс берген. 
- Абаймен бірге жазушы Гребенщиковтың да мүсінін жасауға тапсырыс берген. Марқұм әкем бұл мүсінді жасап бітірген соң, әкімдікке хабарын айтқан. Алайда олардан қайыр болмады. Бізді ұмытып кеткендей түр танытты. Жұмыстың қаламақысы да төленбеді. Мен былтыр да әкімдікке хабарласқан едім. Құр уәдемен қайтарды, - дейді Самойловтың ұлы Владимир.
Мүсінді ғаламтордағы жарнамалық сайтқа жариялаған мүсіншінің баласы Абайдың бюстін 300 мың теңгеге бағалап отыр. 

Ал екіншісі Михаэлистің мүсіні кезінде "басы" дауға қалған ескерткіш болатын. Өскемендегі Абай мен Михаэлис көшелерінің қиылысында үзеңгілес екі достың ескерткіші қойылған еді. Алайда ескерткіш қала жұртының көңілінен шықпай, күлкіге айналды. Абай "қортық", Михаэлис "ергежейлі" болып қалған мүсін елде үлкен дауға қалды. Сол кезде қала әкімдігі бұл мүсіннің жартылай жасалғандығын айтып, түзеп, жөндеп қайта қоятынын жеткізген еді. Алайда баяғы жартас - сол жартас. 
- Қос кемеңгердің мүсінін сызған әкемнің эскизін қала әкімдігі байқау арқылы таңдап алған. Бетоннан құйылып, қоламен қапталған мүсінді жасау үшін, кем дегенде, сегіз айдай уақыт керек еді. Ал әкімдік болса, қалаға Нұрсұлтан Назарбаевтың келуіне жиырма күн қалған кезде, әкемді шақырып, мүсінді тез арада бітіруге тапсырма берді. Мүсіннің өзі әу бастағы идеясынан айырылып қалды, мүлдем қолға алғысыз дүние болып шықты. Шенеуніктер мүсінді Елбасының көзінше ғана қойып, кеткен соң, алып тастады. Оны ары қарай жасатуға ниеттері болған жоқ. Қазір бұл ескерткіштен тек Михаэлистің бюсті ғана қалды. Қос мүсінді сату туралы жарнаманы ілу арқылы шенеуніктердің өнер адамын да, қала тұрғындарын да менсінбейтіндігін көрсеткім келді, - деп ағынан жарылды Владимир. 
Ал  Михаэлистің бюсті 200 мың теңгеге саудалануда. Шебердің ұлы "жарнамаға билік өкілдерінен қандай да бір жауап болды ма?" деген сауалымызға тек облыстық мұражай мен ҚР Жазушылар одағының өңірлік филиалының директоры Яна Агейкина хабарласып, Абайдың мүсінін алу туралы сөз қозғағанын айтты.
- Хабарласып Сізбен алдағы уақытта байланысамыз деді, бірақ әлі хабар жоқ, - дейді мүсін иесі.
Алайда кейін жазушылар одағының облыстық филиалы да  хабарласқанымызда мүсінді сатып алмайтындығын жеткізді. Қала әкімдігі де бұл хабарландыруға қатысты өз ойымен бөлісті.
- Ескерткішті сату-сатпау мүсін иесінің өз еркінде. Ол - жеке кәсіпкер. Мүсінді өзі жасап, өзі сатқысы келген екен, ол өз қолында. Бұған қала әкімдігінің қатысы жоқ, - дейді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.
Қазақ пен орыс халқының ұлы достығын көрсетер қос бірдей тұлғаның ескірткішін сатып алуға ешкімнің әлі ниет танытпауы өкінішті. Бұл "рухани жаңғыруға" бет алған қоғамға сын. 
Следующая →