Риддер қаласы әкімінің орынбасары мас күйінде көлікпен адам қаққан
Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан адам қайтыс болды
Өткен жексенбіде, 15 сәуірде, Риддер қаласында орын алған жол-көлік оқиғасы адам қазасына әкеп соқты. Кешкі сағат 21.00 шамасында шетелдік көлік жүргізушісі 1999 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"BMW Х5" автокөлігі Айдарханов көшесімен ілеспе бағытта жолдың жиегінде жүріп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1999 жылы туған жаяу жүргінші «жедел жәрдем» келмей тұрып, оқиға орнында қаза тапқан.
ШҚО әкімі тапсырмасына сәйкес жол-көлік оқиғасын тергеу ШҚО Ішкі істер департаменті бастығының ерекше бақылауына алынды.
Следующая →

- Оқиғаны тексеру барысында 45 жастағы "BMW Х5" жүргізушісі мас күйінде болғаны және Риддер қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істейтіні анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.Риддер қаласы ІІБ Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабының 3-бөлігі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын бастады.
ШҚО әкімі тапсырмасына сәйкес жол-көлік оқиғасын тергеу ШҚО Ішкі істер департаменті бастығының ерекше бақылауына алынды.