Өскемендегі жол апатынан зардап шеккендер бар
Бірнеше сағат бұрын Тәуелсіздік даңғылында автокөлік төңкеріліп, жүргізуші мен жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді
Бүгін таңертеңгі сағат бес кезінде Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Спорт сарайына қарай бет алған Toyota Mark II автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып қалған.
Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлағандай, 35 жастағы автокөлік жүргізушісі және жолаушы жедел түрде ауруханаға, ал автокөлік айып тұрағына жеткізілген. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде іс "ҚР Қылмыстық кодексінің" 345-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы немесе адамның денсаулығына елеусіз зиян келтіретін көлік құралдарын пайдалану" деп тіркелді. Полицейлер апаттың барлық мән-жайын анықтауда.
Следующая →